Бүгін, 2020 жылы 1 қыркүйекте Парламент Палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан халқына өзінің жыл сайынғы Жолдауында жаңғырту күн тәртібінің 7 қағидасын жариялады.
Маңызды орын денсаулық сақтау жүйесіне бөлінген.
Туындаған дағдарыс бізді көп нәрсеге үйретті. Мәселен, дәрігердің еңбегін бағалай білетін болдық. Бір кезде медицина қызметкерлері мемлекет назарынан тыс қалғаны рас екенін ол атап өтті.
Мемлекетке екінші жартыжылдықта медицина қызметкерлерін ынталандыратын қосымша төлем үшін 150 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Сонымен бірге, мұны дағдарыс жағдайында ғана емес, жүйелі негізде жасау қажеттігін айтты.
Үкімет бастапқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауы қажет. Ол барынша мобильді әрі халықтың барлық тобына, оның ішінде ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек.
Шалғай өңірлердегі көлік медицинасын жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау қажет. Бұл 3 жыл мерзімде ауылда тиімді денсаулық сақтауды қалыптастыруға көмектеседі.
Барлық ауылдық елдімекендерді фельдшерлік-акушерлік пунктілермен және дәрігерлік амбулаториямен қамтамасыз етуді тапсырды
Пандемия сирек мамандықтардың дәрігерлерін, эпидемиологтарды, инфекционистерді, реаниматологтарды және кардиологтарды әзірлеу мәселесін төтесінен қойды.
Үкіметке медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді болжам жасауды тапсырды.
Ұлттық денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар:
Барлық медицина мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен толық жарақтандыруға.
Орындар қорын 50 % жаңартуға.
Ескірген инфрақұрылымды ауыстыруға.
Өмір ұзақтығын болжамды 75 жасқа дейін жеткізуге мүмкіндік береді.