- Телефон: 65-25-96
- e-mail: kardio-centr@mail.ru
Жүректің электрофизиологиялық зерттеуі (ЭФЗ)
Жүрек ырғағы бұзылысының ең шынайы және кешенді инвазиялық зерттеуі ЭФЗ болып табылады. Зерттеудің бұл әдісі жүректің электр жүйесінің жағдайын бағалауға және емдеудің қажетті түрін таңдауға көмек береді.
ЭФЗ жүргізуге дайындық
Емдеуші дәрігер зерттеудің алдында Сіздің сырқатнамаңызбен танысады. Сізге емшара туралы, оны жүргізудің қажеттілігін және ықтимал салдарын негіздеп айтып береді. Сіз бұл зерттеуді жүргізуге келісіміңізді растауыңыз қажет.
ЭФЗ қолдануы үш негізгі мәселені шешуге көмектеседі: диагностика, емделу (терапиялық және хирургиялық) және көптеген клиникалық жағдайларда болжау.
ЭФЗ стационарлық жағдайда өтеді.
Науқас рәсімге дейін бірнеше сағат бұрын ауруханаға келуі тиіс. Алдын ала қан талдауы қажет болуы мүмкін. Зерттеуді жүргізуге және ол процесті бақылау үшін рентген аппараты, мониторлар және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен жасақталған зертханада өткізіледі. Емшараны функционалдық дәрігер өткізеді. Оған медбике көмектеседі. Сіздің жай-күйіңіздің толық бақылауы емшара бойы жүзеге асырылады. Зерттеу мүлдем стерильді бөлмеде өтеді.
Тамақтану
Сізге зерттеу жүргізудің алдында дәрігер Сіздің тамақтану тәртібіңіз жөнінде егжей-тегжейлі нұсқауларды береді. Бәлкім, Сізге ЭФЗ дейін 6-8 сағат немесе одан да көп уақыт тамақ пен судан бас тартуға қажет болады.
Емдік дәрі-дәрмектерді қабылдау
Сіз жүрек ырғағын қалыпқа келтіретін емдік дәрі-дәрмектерді және қан тамырларын тарылтатын препараттарды қабылдау туралы барлық қажетті ақпаратты аласыз. Емшараға дейін бірнеше күн бұрын белгіленген дәрі-дәрмекті тоқтата тұру қажеті болуы мүмкін. Емдеуші дәрігеріңізге қабылдап жүрген барлық дәрілік заттар туралы айтыңыз, оның ішінде рецептсіз берілетін (мысалы, аспирин).
ЭФЗ алдында
Сізге босансытатын препараттарды тағайындауы мүмкін. Егер Сізде қандай да бір дәріге аллергияңыз болса, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз.
Тамырішілік инъекциялар
Науқасқа дәрі тамызғыш емшараның алдында қойылады. Ол арқылы седативті, ауыртпайтын және жүрек-тамыр аппараттары зерттеуге дейін, зерттеу барасында және кейін енгізіледі.
Катетерді енгізуге дайындық
Оны енгізетін жер (бұл шабы, қолы немесе мойын ауданы болуы мүмкін) қырылады және мұқият залалсыздандырылады. Егер Сізде қандай да бір қолданылатын дәріге аллергияңыз болса, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз. Бұл аудан зарарсыздандырылған сүлгімен жабылады, және пациентке оған қол тигізуге болмайды.
Сіз кез-келген көмекке дәрігер немесе медбикеге жүгіне аласыз.
Басқалар
Сізге электрокардиограмманы түсіруге арналған датчиктер қосылады, оның көрсеткіштерін медициналық персонал үздіксіз бақылайды. Деректер объективтілігі үшін Сіз еркін күйде болуыңыз қажет. Сондай-ақ, Сіздің қан қысымыңыз тұрақты бақылауда болады. Кейбір жағдайларда, басқа да құрылғылар қолдануы қажет болады. Емшараға дайындалудың барлық кезеңдері дәлелденген технологиялар бойынша жүзеге асырылады және Сіз үшін қауіпсіз болып табылады.
Жүректің электрофизиологиялық зерттеу емшарасы
Емшараға дайындық шамамен жарты сағат уақытты алады. Содан кейін тікелей зерттеу кезеңі басталады. Босаңсыту немесе ұйықтау дәрі қажеттілігі пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл аблация жүргізу кезіндегі жиі іс болып табылады.
Катетерді енгізу
Зерттеуді өткізу үшін арнайы катетерлер қолданылады. Бұл шағын, икемді түтіктер түрі болып табылады. Катетер енгізу алдында, Сізге жергілікті анестезия жасалады. Катетерді енгізу ауданында қысым сезіледі, бірақ бұл ауырсыну емес. Егер Сіз ауырсыну сезген болсаңыз, ол туралы дәрігерге дереу айтыңыз.
Қан тамырына катетер енгізуді жеңілдету үшін, теріге шағын кесулер жасалады. Бұл үдеріс рентгеноскопия бақылауымен жүргізіледі. Сіз катетердің өзін сезінбейсіз, өйткені жүректің ішкі бетінде жүйке жалғаулары болмайды. Сол шақта, Сіз жүрек қызметінің кейбір шалыс соғуын сезінуіңіз мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Катетер жүректің ішіне орналасады. Осыдан кейін тікелей электрофизиологиялық зерттеу басталады: катетер арқылы электр сигналдарды жазу және жүрек электр ынталандыруы жүзеге асырылады. Жүрек ішінен алынған ЭКГ дене сыртынан алынған ЭКГ нәтижелерімен салыстырылады.
Емшара барысында дәрігер аритмияны тудыра отыра, жүректің электрлік ынталандыруын жүзеге асырады. Бұл Сіздің жүрек аритмия түрін анықтау үшін орындалады. Сіз жеделдету немесе баяулауы ырғақты сезінуіңіз мүмкін. Сізді бұл алаңдатпау керек, өйткені зерттеудің бір бөлігі болып табылады. Сіз дәрігерге денсаулығыңыз туралы егжей-тегжейлі айтып бергеніңіз қажет. Бұл ең дәл диагнозды қоюға көмектеседі.
Аритмия белгілерін анықтау үшін, Сіздің дәрі-дәрмектерді қабылдауыңыз қажет болуы мүмкін.
ЭФЗ төмен қауіп-қатер дәрежелі емшараларға жатады.
Зерттеу барысындағы сезінулер
Емшара іс жүзінде ауыртпалықсыз. Зерттеу барысында Сіз жүректің шалыс соғуын сезінуіңіз мүмкін. Сізді бұрын алаңдатқан белгілер пайда болуы мүмкін, бірақ көп ұзамай олар жоғалады.
Отадан кейінгі қалпына келтіру және кейінгі бақылау
Деректерді алғаннан кейін, катетер жойылады. Сізге емдік процесінде көмектесу үшін барлық қажетті ұсыныстар берілетін болады. Сіздің тұтастай алғанда жағдайыңыз, сондай-ақ катетер енгізілген жері дәрігердің тұрақты бақылауында болады.
Радиожиілікті аблация (РЖА)
Радиожиілікті (катетерлік) аблация – дәрілік заттарға хирургиялық, аз жарақатты балама: дәрілік терапиядан жоғары тиімділігі мен ең аз асқынуларымен ерекшеленетін шағын инвазивтік кірісу. Бұл ота Сізді жүрек ұстамасынан біржола арылтады: дәрігер аритмия себебін жояды.
Аблация тахикардия және жыбырлағыш аритмия кезінде қолданылады - жүректің жылдам және тұрақсыз соғуымен сипатталатын, клиникалық практикада ең көп тараған жүрек ырғағы бұзылуында.
Қосымша өткізу жолдарына радиожиілікті аблация (РЖА) оталарына көрсеткіштері:
РЖА отасына көрсеткіштерді аритмолог дәрігері пациентті қабылдаған соң және зерттеу нәтижелерді зерделеуден кейін анықтайды.
Жалпы көрсеткіштер:
- АВ-түйінді реципрокты тахикардия.
- WPW синдромы.
- Жыбырлау – жүрекшелер дірілі.
- Қарынша тахикардиясы.
Радиожиілікті аблацияны (РЖА) орындау үшін қолдануға болмайтын салыстырмалы жағдайлар:
- Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі.
- Контраст затына аллергиялық әрекет және иодқа төзгісіздік.
- Айқын коагулопатиялар, күрделі анемия.
- Бағынбайтын артериалдық гипертония.
- Безгек және жіті індетті аурулар.
- Эндокардит.
- Ауыр негізгі кардиологиялық емес ауру.
- Жүрек жеткіліксіздігі мен өкпе ісінуінің декомпенсациясы.
- Гликозидтермен улану, айқын гипокалиемия.
Бұл катетер технологиялары көмегімен жүзеге асырылатын тахикардияны (аритмия) емдейтін ота. Араласу жергілікті анестезия арқылы және арнайы жабдықталған операциялық залда рентген-бақылауында жүзеге асырылады. Жүрек ырғағы бұзылуының диагностикасында заманауи компьютерлік технологиялар қолданылады, соның ішінде CARTO (жүректің үш өлшемді электромагниттік картасын құру). Абляция мәні өте қарапайым және аритмия тудыратын жүрек жасушаларын бейтараптандыру болып табылады. Бұл электрлік ток өткізетін және тінді бейтараптандыратын катетер (икемді құбыр) арқылы жүзеге асырылады. «Радиожиілікті аблация» термині емшара кезінде қолданылатын электр тогының түріне жатады.
Әдетте, бұл ота жүректің электрофизиологиялық зерттеуінен кейін дереу өткізіледі. Дәрігер Сіздің жүрек ұстамаңызға себепті қөз оқшаулауын дәл тапқан сәттен бастап электродпен жоғары жиілікті электр тогын жібереді. Бұл ток аритмия көзі болып табылған тінді жояды. Катетер аблациясы қаупі төмен деңгейдегі оталарға жатады.
Аблацияға дайындық
Емшараны тікелей жүргізудің алдында емдеуші дәрігер Сіздің сырқатнамаңызбен танысады. Әдетте, Сіздің аритмия типін анықтау үшін қолданылатын ЭФЗ Сіз өткен соң аблация жүзеге асырылады. Катетерлік аблация ЭФЗ ұқсайды. Сізге емшара туралы, оны жүргізудің қажеттілігін және ықтимал салдарын негіздеп айтып береді. Сіз бұл зерттеуді жүргізуге келісіміңізді растауыңыз қажет.
Аблация амбулаториялық негізінде жүзеге асырылады. Науқас рәсімге дейін бірнеше сағат бұрын ауруханаға келуі тиіс. Алдын ала қан талдауы қажет болуы мүмкін. Зерттеуді жүргізуге және ол процесті бақылау үшін рентген аппараты, мониторлар және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен жасақталған зертханада өткізіледі. Емшараны функционалдық дәрігер өткізеді. Оған медбике көмектеседі. Сіздің жай-күйіңіздің толық бақылауы емшара бойы жүзеге асырылады. Зерттеу мүлдем стерильді бөлмеде өтеді.
Катетерді енгізу. Катетерлік аблация емшарасы
Жоғарыда айтылғандай, бұл емшараны өткізу үшін арнайы катетер қолданылады. Ол Сіздің теріңізді шағын тесу арқылы қан тамырларына өтеді. Аблация емшарасы мониторингін және ақпаратты алу үшін катетер жүрекке жіберіледі.
Аблация
Катетер аритмияны тудыратын тіннің жанына, жүрекке орналастырылады. Содан кейін, аритмияға себеп болатын тінді бейтараптандыратын катетерді жылыту үшін электр тогы жіберіледі. Бұл емшара ұзақ уақыт алуы мүмкін – ол аритмия түріне байланысты болады. Отаның алдында дәрігер Сіздің аритмияңыздың түрі туралы және отаның барысы жөнінде егжей-тегжейлі айтып береді.
Катетер аблациясы қаупі төмен деңгейдегі оталарға жатады. Аблацияның басым көпшілігі асқынусыз өтеді.
Отадан кейінгі қалпына келтіру және кейінгі бақылау
ЭФЗ сияқты аблациядан кейін 10-20 минуттей тілінген жерде қысым сезінеді. Сіздің тұтастай алғанда жағдайыңыз, сондай-ақ катетер енгізілген жері дәрігердің тұрақты бақылауында болады. Егерде Сіздің тілінген жеріңізде дімкәстік, жайсыздық немесе кез келген басқа күй өзгерістер болса, дереу дәрігерге хабарлаңыз.
Сізді шығарар алдында, тезірек қалпыңызға келу үшін ерекше ұсыныстар беріледі. Сонымен қатар, аблация ауқымын алғаннан кейін, Сіз қабылдайтын препараттар спектрі өзгертілуі, толықтырылуы немесе қысқартылуы мүмкін. (Материал «Медтроник» компаниясы мамандары өндеген нұсқаулық бойынша дайындалған және кардиоорталық мамандарымен орыс және қазақ тілдеріне аударылған).
Әдісті қолдану тарихынан
Аритмияны жоғары технологиялық емдеу бойынша алғашқы оталары 1997 жылы Тюмень кардиоорталығында өткізілді. 2005 жылы орталық Ресейдегі елуден астам мамандандырылған клиникалар арасында 7-ші орынға ие болды. Бұл жетекші отандық және шетелдік орталықтарда тұрақты дайындықтан өтетін орталықтың жоғары білікті мамандарының еңбегі, сондай-ақ соңғы үлгідегі жабдықтың қызметі: мысалы, «CARTO XP ЖҮЙЕСІ» - бұл абсолютті дәлдікке жету жолы болып табылады.
Оталарды аритмия кезінде орындаудың тиімділігі дәлдіктің жаңа деңгейіне жетті. Үш өлшемді сурет CARTO XP бірегей жүйесі, дәрігерге сіздің жүрегіңіздің құрылымдарының барлық күрделі кеңістік қарым-қатынастарын және жүрек қозуы таралуын бір мезгілде көруге мүмкіндік береді. CARTO технологиясы қамтамасыз етеді: оқшаулаудың жоғары дәлдігін - енді дәрігер сіздің жүрегіңізді барынша дәлдікпен көре алады. Бұл аритмияларды дәл диагностикалау және емдеу үшін жүйені таптырмас құрал етеді.
2004 жылы Тюмень кардиоорталығының кардиохирургтері алғаш рет өкпе тамырларының оқшаулауын қолданды – жүрек ырғағы бұзылуын (аритмия) емдеудің «ең жоғары пилотаж» болып саналатын әдістемесін. Бұл фибрилляцияның көзі болып табылатын миокардқа әсер ететін ең күрделі және жоғары технологиялық радиожиілік әдісі. Отадан кейін жүрек ырғағы бұзылуының қайталану қаупі азаяды, аритмияға қарсы пайдаланатын препараттар саны едәуір қысқарады, емделушінің өмір сапасы тұтастай жақсарады. Тюмень кардиоорталығында жылына үш жүзден астам жоғары жиілікті аблация оталары жасалады (оның ішінде, өкпе тамырларының оқшаулауы).