ШЖҚ "Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы" КМК кардиолог, кардиохирург, аритмолог, ангиохирург, анестезиолог-реаниматолог, терапевт және жалпы практика дәрігерлерін Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының 10-жылдығына арналған халықаралық қатысумен ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.
Конференция 2023 жылғы 25-26 мамырда Павлодар қаласында өтеді.
Ғылыми-практикалық Конференцияның негізгі тақырыптары:
-Негізгі жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алудың жаңа тәсілдері.
- Негізгі кардиологиялық ауруларды оңалту және алдын алу мәселелері.
- Интервенциялық кардиологияның өзекті мәселелері, жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау мен емдеудің эндоваскулярлық әдістері.
- Кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметті ұйымдастыру мәселелері.
Осы форумдар шеңберінде Қазақстан, Ресей, Арменияның жетекші мамандарының кардиологияның негізгі мәселелері бойынша (сертификат бере отырып) сателлиттік симпозиумдар мен мастер-кластарын өткізу жоспарлануда.
Конференцияның тәжірибелік бөлігі 2023 жылғы 25 мамырда Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының кардиохирургиялық клиникасы базасында өтеді.
Конференцияның ғылыми бөлімі 2023 жылдың 26 мамырында "Достық үйінде" өтеді.
Конференция күні заманауи дәрілік препараттардың, жаңа ақпараттық және медициналық технологиялар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көрмесі өтеді.
Қатысу жөнінде ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыз:
+7 701 532 75 84
e-mail: org.kardio-centr@mail.ru